Подкастымыздың алғашқы шығарылымы орнитология ғылымына арналды.
Біздің қонақтарымыз:
Бекжан Бердіқұлов – жас орнитолог-ғалым, Алматыдағы Зоология институтының докторанты. Қазіргі уақытта ол «Қызыл кітапқа» енген қоңыр кептерді зерттеп жүр.
Қанатбек Кенжеғұлов – ақтаулық бердуотчер, мұнайшы.
Жүргізуші: Дина Имамбай – журналист — https://facebook.com/dina.imambai
Құстарсыз тіршілік етуге бола ма?
Құстар неге азайып барады?
Қазақстанда құстардың неше түрі бар?
Шетелдік ғалымдар Шақпақ асуына не үшін келеді?
Табиғатта мылтық емес, фотоаппарат асынып, құстарды аңдитындар кімдер?
Бердуотчер бір құсты суретке түсіруге қанша уақытын жұмсайды?
Ғылыми сана және табиғатқа деген махаббат.
Міне, бұл сұрақтарға ғалым-орнитолог пен әуесқой-құсшы егжей-тегжейлі жауап береді.